Сурет: istockphoto.com
Ресей үкіметінің статистика қызметі автокөлік жанармайының тұтынушылық бағасына қатысты мәліметтерді ресми есептерден алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
The Bell басылымының хабарлауынша, тиісті үкімет қаулысы 25 маусымда қабылданған. Бұған дейін Росстат апта сайын бензин мен дизель отынының бағасын, сондай-ақ ел бойынша 1800 жанармай құю бекеттері туралы ақпаратты жариялап келген. Енді бұл деректер көпшілікке қолжетімсіз болады.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, 16-22 маусым аралығында Ресейде бензин бағасы 3%-ға, ал дизель отыны 2,7%-ға қымбаттаған. Агенттік бұл соңғы 20 жылдағы ең жоғары апталық өсім екенін атап өткен.

