Сурет: Egemen Qazaqstan
Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді.
Жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған маңызды міндеттерге тоқталады.
Бұл Парламент палаталарының соңғы отырысы болмақ. 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Құрылтай заң шығарушы орган ретінде жұмыс істейді.

