Categories Спорт

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына ұсынылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) президентінің орынбасары лауазымына кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сайлау 2026 жылғы 26-27 қыркүйекте Өзбекстанның Самарқанд қаласында FIDE Бас ассамблеясы аясында өтеді. Сол кезеңде Самарқанда 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы да ұйымдастырылады.

Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясын 2023 жылдан бері басқарып келеді. Осы уақыт ішінде елімізде жас шахматшыларды қолдау бағдарламасы іске қосылып, «Мектептегі шахмат» жобасы кеңінен дамыды. Қазіргі таңда бұл жоба 1 500-ден астам мектеп пен 60 мыңнан астам оқушыны қамтып отыр.

2025 жылы ел шахматшылары халықаралық жарыстарда жалпы 162 медаль жеңіп алды. Оның 64-і – алтын жүлде.

Тимур Турлов өз кандидатурасын ұсыну туралы шешімін Қазақстанда жүзеге асырылған бастамалардың тиімділігімен байланыстырды.

«Соңғы үш жарым жылдағы нәтижелер Қазақстанда қолданылған тәсілдің тиімді екенін көрсетті. Енді осы тәжірибені әлемдік шахмат деңгейінде қолдануға болады деп есептеймін», деді ол.

FIDE ережесіне сәйкес президент пен вице-президент бірыңғай тізім бойынша сайланады. Тимур Турлов сайлауға ұйымның қазіргі президенті Аркадий Дворковичтің командасы құрамында қатысады.

Ұқсас жазбалар

Елена Рыбакина Уимблдонды жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Әлем чемпионаты: плей-оффтың екінші күнінде үш ойын өтеді

Әлем чемпионатында 1/16 финалдың екінші күні Норвегия – Кот-д'Ивуар, Франция – Швеция және Мексика –…

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық және қоғамдық қызмет салаларында жемісті еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ спортта жоғары нәтижелер көрсеткен дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және…