Сурет: Egemen Qazaqstan
«Қазгидромет» 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Онымен байланысты атмосфералық фронттар найзағай, жаңбыр, бұршақ және дауыл әкеледі. Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай облыстарында және Қарағанды облысының орталығында 35-38 градус ыстық болады. Жетісу облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының оңтүстігінде және Абай облысында 40-41 градусқа дейін көтеріледі.

