Categories Әлем

Германияда аптап ыстықтан орман өрті 100 гектарға жетті

Сурет: Bild

Потсдам-Миттельмарк ауданындағы Гёрцке маңында орман өрті тез тарап, жалын шарпыған аумақ 100 гектарға жуықтады. Өрт сөндірушілер сенбіден бері 40°C-қа жуық ыстықта күресіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай қызметкерлеріне ауыр техникасы бар фермерлер көмектесуде. Бірақ аптап ыстық пен ұзақ құрғақшылық өрт сөндіруді қиындатып, жалынның таралу қаупін арттырып отыр.

Германияның басқа аймақтарында да экстремалды ыстықтан орман өрті тіркелді. Рейнланд-Пфальц федералды жеріндегі Трайзен ауылынан 650-ге жуық тұрғын эвакуацияланды.

Өрт сөндірушілер бір өрт ошағына жақындай алмай отыр, себебі аумақта соғыс кезінен қалған жарылмаған оқ-дәрілер бар. Өткен түні сол маңда бірнеше жарылыс болды.

Ұқсас жазбалар

Ливанда Израиль соққыларынан мәдени мұра нысандары зақымданды

Ливанның оңтүстігіндегі бірқатар мәдени мұра нысаны Израильдің соққысынан қирап, кейбірі қатты зақымданды.

29 маусымда еліміздің барлық қаласында ауа сапасы жақсы болады

«Қазгидромет» РМК 29 маусымда еліміздің барлық қаласында ауа сапасы талапқа сай болатынын хабарлады.

Мажарстанда ауа температурасы рекордтық деңгейге жетті

Мажарстанда ауа температурасының жаңа рекорды тіркелді. Будапештте термометр бағаны 40 градусқа дейін көтерілді.