Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: 1 430 адам қаза тапты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен төрт күн өткенде, құтқарушылар үйінді астынан 11 жастағы баланы аман алып шықты. Бұл туралы елдің уақытша президенті Делси Родригес әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Делси Родригес бөліскен бейнежазбада құтқарушылардың баланы қираған ғимарат қалдықтарының астынан қазып алып жатқан сәті көрсетілген. Бұл оқиға жер сілкінісінен ең қатты зардап шеккен Ла-Гуайра штатының астанасы Карабальеда қаласында болған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Венесуэладағы жерасты дүмпулері осы аптаның сәрсенбі күні кешке ел астанасы Каракастың батыс бөлігінде тіркелген. Магнитудасы 7,2 және 7,5 балл болған екі ірі жер сілкінісі 39 секунд айырмашылықпен қайталанған. Одан кейін тағы 430-ға жуық дүмпу болған.

Табиғи апаттан 1 430 адам қаза тапты. Сондай-ақ 70 мыңға жуық тұрғын әлі де хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұр. Апат аймағында іздестіру-құтқару операциялары үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Бүгін Қазақстанда 5 орман өрті тіркелді

28 маусымда Қазақстанда 5 орман өрті тіркелді. Экология министрлігінің мәліметінше, өрттердің көбі найзағайдан шыққан.

Никаб киюге тыйым: Жамбылда 20-ға жуық заң бұзушылық анықталды

2026 жылдың 2 наурызынан бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салынды. Жамбыл…

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан медиа саласының мамандарына баспана кілттері берілді.