Categories Жайық news

«Клиенттер сұрамайды»: Kaspi Bank қазақша құжат бермегені үшін сынға қалды

Белгілі журналист Ғалымжан Оразымбет Алматыдағы Kaspi Bank бөлімшесінен заңды тұлғаларға арналған сауалнаманың қазақша нұсқасын ала алмағанын айтып, әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, оқиға Бөгенбай батыр мен Абылай хан көшелерінің қиылысында орналасқан банк бөлімшесінде болған. Ол заңды тұлғаларға арналған сауалнаманың мемлекеттік тілдегі нұсқасын сұрағанда, менеджерлер оны электронды базадан тауып бере алмаған.

«Базада құжаттың қазақшасы жоқ. Неге десем, „әзірлеушілер (разработчиктер) жасамаған ғой“ дейді. Басшылықтан нұсқау болмаған ба десем, „бізде клиенттер қазақшасын сұрамайды“ деп жауап берді», – деп жазды Оразымбет.

Журналист құжатты күтпей кетіп қалғаннан кейін оған банк қызметкері хабарласып, кешірім сұраған және сауалнаманы дайындап, жолдайтынын айтқан. Алайда Ғалымжан Оразымбет бұл мәселенің жекелеген клиентке қатысты емес, мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты екенін алға тартады.

«Клиенттердің сұраған-сұрамағаны дәлел емес. Заңға сұрады, сұрамады деген жүрмейді. Заң „болуға тиіс“ деп айтты ма, ол болуға тиіс. Банктің өзі клиенттерінің басым бөлігі қазақша сөйлейтінін мойындап отыр», – деп атап өтті ол.

Ол бұл жағдай бір клиенттің мәселесі емес, Конституцияда бекітілген мемлекеттік тілге деген көзқарастың көрінісі екенін жеткізді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

28 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталады

28 маусымда Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде найзағайлы жаңбыр күтіледі, оңтүстікте аптап ыстық сақталады.

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы өздеріне жүктелген…