Categories Спорт

Күрес федерациясы спортшылар мен бапкерлерге арналған сыйақы жүйесін бекітті

Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстан күрес федерациясы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын ынталандыру үшін арнайы сыйақы жүйесін бекітті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Енді Олимпиада ойындары, әлем чемпионаттары, Азия ойындары және Азия чемпионаттарында жүлде алған балуандар мен олардың бапкерлері мемлекеттік сыйақыдан бөлек, федерацияның қосымша ақшалай сыйлығын да алады.

Олимпиада алтыны үшін спортшыға 150 мың доллар, бас бапкерге 15 мың доллар, жеке бапкерге 30 мың доллар беріледі. Күміс медаль үшін спортшыға 100 мың доллар, бас бапкерге 10 мың доллар, жеке бапкерге 20 мың доллар қарастырылған. Қола медаль үшін спортшыға 50 мың доллар, бас бапкерге 5 мың доллар, жеке бапкерге 10 мың доллар төленеді.

Ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын алған спортшы 100 мың доллар, бас бапкер 10 мың доллар, жеке бапкер 20 мың доллар алады. Күміс үшін спортшыға 50 мың доллар, бас бапкерге 5 мың доллар, жеке бапкерге 10 мың доллар беріледі. Қола үшін спортшыға 25 мың доллар, бас бапкерге 2,5 мың доллар, жеке бапкерге 5 мың доллар қарастырылған.

Ересектер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль үшін спортшыға 30 мың доллар, бас бапкерге 3 мың доллар, жеке бапкерге 6 мың доллар беріледі. Күміс үшін спортшыға 20 мың доллар, бас бапкерге 2 мың доллар, жеке бапкерге 4 мың доллар төленеді. Қола үшін спортшыға 10 мың доллар, бас бапкерге 1 мың доллар, жеке бапкерге 2 мың доллар қарастырылған.

Күрес федерациясы алдағы уақытта халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсету үшін спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіп, қажетті жағдай жасау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратынын мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы Kazakhstan Open турнирінде топ жарды

Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы Kazakhstan Open халықаралық турнирінде бірінші орын алды. Ел спортшылары 5 алтын,…

Мысыр Иранмен тең түсіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Әлем чемпионатының G тобындағы үшінші турда Мысыр мен Иран құрамалары тең түсті. АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы…

Испания Уругвайды 1:0 есебімен жеңіп, Н тобында бірінші орын алды

Испания құрамасы Уругвайды 1:0 есебімен жеңіп, Н тобында бірінші орын алды. Жалғыз голды Алекс Баэна…