Сурет: Әлеуметтік желіден
Қорғаныс министрлігі Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың қазасына байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, Ұлттық ұлан оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізуде. Ол барлық жағдайдың жан-жақты зерттеліп жатқанын және министрлік өз құзыреті шеңберінде қажетті көмек көрсететінін атап өтті.
Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсанында кома жағдайында ауруханаға түскен болатын. Оның қазасы туралы адвокат Инга Иманбай әлеуметтік желіде хабарлады. Әскери бөлім өкілдері сарбаздың дәретханада құлап жарақат алғанын мәлімдеген, алайда ата-анасы оны соққыға жыққан деп күдіктенген.
Ербаянды емдеуге еріктілер 230 миллион теңгеге жуық қаражат жинады. Ол 2025 жылдың қаңтар мен қараша айларында Түркияда емделген. Мамыр айында жағдайы күрт нашарлап, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жатқызылды, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады. Денсаулық сақтау министрлігі өлімнің себебі ауыр бас-ми жарақаты екенін хабарлады.

