Сурет: Ақорда
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады. Президент сән-салтанатты өмір мен «жеңіл ақша» культін дәріптеудің дұрыс еместігін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев газеттер мен телеарналардың заман талабына сай дамып келе жатқанын атап өтті. Биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады.
Мемлекет басшысы жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады. Президент журналистер қауымын қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры деп атады.

