Ұстаздар күніне орай Батыс Қазақстан облысында мерекелік шара өтті  

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында ұстаздардың мәртебесін арттыруға, кәсіби дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге, білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізуге ерекше назар аударды. Бұл – ұстаздар қауымының қоғамдағы айрықша рөліне берілген зор баға әрі келешекке артылған үлкен сенім», – деді өңір басшысы.

Салтанатты жиында білім саласына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрметті наградалары, облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Нариман Төреғалиев соңғы жылдары өңірде білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Соңғы үш жылда облыста жалпы 7526 орынға арналған 26 жаңа мектеп салынды. Оның ішінде: 1344 орындық 16 мектеп – КПО компаниясының әлеуметтік инвестициялық жобасы аясында, 1982 орындық 5 мектеп – бюджет және арнайы қор есебінен, 4200 орындық 5 мектеп – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында да бірқатар заманауи білім ордалары оқушыларға есігін айқара ашты. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылында 600 орындық «Келешек мектебі», Казталов ауданы Қоныс ауылында 60 орындық шағын мектеп, сондай-ақ жуырда ғана Орал қаласында 400 орындық №8 мектеп іске қосылды.

 

Ұқсас жазбалар

Курьер әйелдің отбасы ұсынылған көмектен бас тартқан

Курьер әйелдің отбасы Алматыдан Шымкентке көшіп, ұсынылған көмектен бас тартқан. Вице-министр Ербол Тұяқбаев дербес деректер…

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 164 адамға жетті

Венесуэланың солтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 164 адамға жетті, ал жараланғандардың қатары…

Президент БАҚ қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Мемлекет басшысы отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ БАҚ қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.