Сурет: Egemen Qazaqstan
АҚШ президенті Дональд Трамп ірі мұнай компанияларын бензин бағасын негізсіз жоғары ұстап отыр деп айыптады. Ол Әділет министрлігіне бұл мәселе бойынша тергеу бастауды тапсырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Трамптың Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазғанындай, мұнай бағасы күрт төмендегеніне қарамастан, жанармай құны сәйкесінше арзандамай отыр. Ол тұтынушыларды ашық түрде алдап жатыр деп есептейді.
«Тұтынушыларды ашық түрде алдап отыр. Мен Әділет министрлігіне бұл мәселе бойынша дереу тергеу бастауды тапсырдым. Бензин бағасы қазіргіден әлдеқайда жылдам төмендеуі керек», деді Трамп.

