Сурет: Egemen Qazaqstan
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ өкілдерімен келіссөздер жүргізу мақсатында Брюссельдегі «Еуропа» ғимаратына барды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында президент Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта және Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенмен кездесуі жоспарланған. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, көлік-логистика, энергетика, цифрландыру және тұрақты даму салаларындағы әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу көзделген.

