Categories Көңіл ашар

Перизат Қайраттың тәркіленген Mercedes-Benz көлігі аукционға қойылды

Сурет: e-sauda.com

Перизат Қайраттың қылмыстық ісі бойынша тәркіленген тағы бір қымбат автокөлік сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ақ түсті Mercedes-Benz EQE 500 4Matic автокөлігін электронды саудаға шығарды. 111KPK01 мемлекеттік нөмірлі көлік 26 млн 269 мың теңгеге бағаланды.

Аукцион 9 шілде күні сағат 10:00-де басталады. Алғашқы кезеңде өтінімдерді тек құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар, сондай-ақ Президент қызметін, саяси мемлекеттік қызметшілер мен Парламент депутаттарының жұмысын қамтамасыз ететін ведомстволар ғана бере алады. Егер көлік мемлекеттік органдарға берілмесе, кейін барлық азаматтар үшін ашық саудаға шығарылады.

Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша барлығы төрт автокөлік тәркіленген. Бұған дейін Mercedes-Benz S450 мен Haval H6 GT аукцион нәтижесінде Астана қаласы полиция департаментінің қарауына берілген. Ал тәркіленген Lexus LX 600 ұлттық қауіпсіздік органдарының пайдалануына тапсырылған, алайда нақты қай мекеменің иелігінде екені жарияланбады.

Еске салайық, 1,5 млрд теңгені жымқырды деген айыппен сот Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасы Ғайни Алашбаеваны 7 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сот үкімімен олардан 50 жәбірленушінің пайдасына жалпы 1 млрд 582 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндіріліп, мемлекеттік баж бен сот шығындарын өтеу міндеттелді.

Ұқсас жазбалар

Давид Лория «Жеңіс» футбол клубының бас директоры болып тағайындалды

Давид Лория «Жеңіс» футбол клубының бас директоры болып тағайындалды. Ол клуб түлегі және үш дүркін…

Нобель сыйлығының иегері Мо Янь Астанаға келді

Астанаға әйгілі қытайлық жазушы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янь келді. Қаламгер Ұлттық академиялық кітапханада оқырмандармен…

Қытайдың үш қаласында қайыр сұрайтын роботтар пайда болды

Қытайдың Бейжің, Чэнду және Фучжоу қалаларында көшеде садақа сұрайтын роботтар пайда болды. Гуманоидтардың ерекше әрекеті…