Categories Спорт

Түркия әлем чемпионатындағы жолын ерте аяқтады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Түркия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде екінші турдан кейін плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«D» тобында өнер көрсеткен түріктер алғашқы ойында Аустралиядан 0:2 есебімен ұтылып, екінші турда Парагвайға 0:1 есебімен есе жіберді. 2002 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған команда ұзақ үзілістен кейін мундиальға қайта оралғанымен, жоғары деңгейдегі ойын көрсете алмады.

Сонымен қатар, «С» тобындағы Гаити мен «Ғ» тобындағы Тунис те плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды. Гаити Бразилиядан 0:3, ал Тунис Жапониядан 0:4 есебімен жеңілді.

Ұқсас жазбалар

Әлем чемпионаты: Франция Иракты ірі есеппен жеңді

Футболдан әлем чемпионатының I тобындағы екінші тур матчында Франция құрамасы Иракты 3:0 есебімен ойсырата жеңді.…

Холанд дубль жасап, Норвегияны плей-оффқа шығарды

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Норвегия құрамасы Сенегалды 3:2 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын…

Футзалдан әлем чемпионатының іріктеу жеребесі тартылды

Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2008 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.