Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Қазгидромет» 22 маусым күні Астана қаласы мен еліміздің 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, көптеген өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл мен екпінді жел соғады. Желдің жылдамдығы кей аймақтарда секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар елдің басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. Ауа температурасы кей өңірлерде +35…+42 градусқа дейін көтеріледі. Ең жоғары температура Қызылорда облысында күтіледі.

Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау және басқа да облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Мамандар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Еске сала кетейік, «Қазгидромет» ұсынған болжамға сәйкес, маусым және тамыз айлары әдеттегіден ыстық болады. Қазақстан аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Астанада жұмыс кезінде теміржолшы қаза тауып, артында жеті баласы қалды

Астанада 43 жастағы электромеханик жоғары кернеулі токқа түсіп, қаза тапты. Марқұмның жұбайы мен жеті баласы…

Ингушетияда 8 жастағы Хизир Дербичевті жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналды

Ингушетияда 8 жастағы Хизир Дербичевті жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналды. Ол Сунжа өзенінен досын құтқармақ…

Әлеуметтік желілерде арандатушылық пен алауыздықты қоздыруға мүлдем жол берілмейді – Бас прокуратура

Құрметті қазақстандықтар! Әлеуметтік желілерде қоғамда алауыздықты қоздыруға бағытталған арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен пікірлердің таралу фактілері…