Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
19–21 маусым аралығында Канаданың Торонто қаласында көркем жүзуден әлем Кубогының суперфиналы өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық Наргиза Болатова мен Виктор Друзин жұбы еркін бағдарламада қола жүлдеге ие болды. Бұл жарысқа 22 елден 156 спортшы қатысуда.

