Categories Спорт

Испания құрамасы Сауд Арабиясын 4:0 есебімен ұтты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Әлем чемпионатының H тобындағы екінші тур ойынында Испания мен Сауд Арабиясы құрамалары АҚШ-тың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz стадионында кездесті. Испания 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Матчтың 10-минутында Ламин Ямаль есеп ашты, бұл оның әлем чемпионаттарындағы алғашқы голы болды. 21-минутта Микель Оярсабаль еуропалықтардың басымдығын еселеді, ал үш минуттан соң ол дубль жасады. 49-минутта Сауд Арабиясының қорғаушысы Хассан Әл-Тамбакти өз қақпасына гол соғып, есепті 4:0-ге жеткізді.

Екі турдан кейін Испания төрт ұпаймен топты бастап тұр, ал Сауд Арабиясы бір ұпаймен соңғы орында. Үшінші турда Испания Уругваймен, Сауд Арабиясы Кабо-Вердемен ойнайды.

Ұқсас жазбалар

Футболдан ӘЧ-2026: Испания Сауд Арабиясын 4:0 есебімен жеңді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының H тобында Испания құрамасы Сауд Арабиясын 4:0 есебімен ұтты.

Ирина Бакалдина семсерлесуден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Ирина Бакалдина семсерлесуден Азия чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол Гонконг өкілін 15:12…

Демалыс күндері қазақстандық спортшылар 19 халықаралық медаль жеңіп алды

Осы демалыста отандық спортшылар халықаралық жарыстарда 19 медаль жеңіп алды.