Categories Спорт

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Сурет: sports.kz

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен босатылды. Бұл туралы журналист Елдар Аманбаев әлеуметтік желіде хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Талғат Байсуфинов ұлттық құрамадан кетті», – деп жазды журналист өз парақшасында.

Талғат Байсуфинов соңғы жылдары отандық футболдағы ең танымал жаттықтырушылардың бірі болды. Ол бірнеше рет ұлттық құраманы жаттықтырып, Қазақстан Премьер-лигасының бірқатар клубтарын басқарған.

Байсуфинов ұлттық құраманың бас бапкері болып 2026 жылдың 28 қаңтарында тағайындалған еді. Оның жетекшілігімен команда төрт матч өткізіп, екі жеңіске жетіп, бір ойында тең түсіп, бір матчта жеңіліс тапты.

Соңғы кездесу 9 маусымда өтті. Жолдастық матчта Қазақстан құрамасы сырт алаңда Венгрияға 3:1 есебімен ұтылды.

Шешімнің нақты себептері әзірге жарияланбады. Жақын арада Қазақстан футбол федерациясы бас бапкердің отставкасы туралы ресми мәлімдеме жасауы мүмкін.

Еске сала кетейік, 8 маусымда Қазақстан футбол федерациясы Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы ақпаратты жоққа шығарған еді.

Ұқсас жазбалар

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2028 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы Беларусь…

Талғат Байсуфиновтың қызметтен кетуі: ҚФФ ресми мәлімдеме жасайды

Әлеуметтік желіде ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметтен кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл жайында…

Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрамадан кеткені туралы ақпарат пайда болды

Әлеуметтік желіде футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметтен кеткені туралы ақпарат тарады.