Categories Спорт

Назым Қызайбай әлем Кубогының жеңімпазы атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Назым Қызайбай әлем Кубогының финалдық кездесуінде италиялық Сирине Чараабиді жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үш дүркін әлем чемпионы, 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Назым Қызайбай финалда әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері италиялық Сирине Чараабиден үш раундта да басым түсіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Назым Қызайбай 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогында 48 келі салмақта топ жарған еді.

Жарыс жолында Назым Қызайбай кездескен қарсыластар: жартылай финалда Натнича Чонгпронгкланг (Тайланд) — 3:2, ширек финалда Виктория Рогалинска (Польша) — 5:0, 1/8 финалда Им Э Джи (Оңтүстік Корея) — 4:1.

Ұқсас жазбалар

Германия Е тобында көш бастады: Эквадор мен Кюрасао тең ойнады

Эквадор құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Кюрасао құрамасымен тең…

Санжар Ташкенбай әлем кубогында алтын алды

Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай әлем кубогында жеңіске жетіп, 50 келі салмақ дәрежесінде алтын алды.

Виктор Друзин Канададағы суперфиналда екінші жүлдесін жеңіп алды

Виктор Друзин Канададағы суперфиналда екінші жүлдесін жеңіп алды. Ол еркін бағдарламада күміс алды.