Сурет: Egemen Qazaqstan
«Balqash Tour Fest – 2026» фестивалі кезінде жергілікті тұрғын көлдің бір жағалауынан екінші жағалауына ескекті қайықпен өтпек болып, жағалаудан үш шақырым қашықтықта шаршап, қозғала алмай қалған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Акваторияны патрульдеп жүрген табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері азаматты байқап, дер кезінде көмек көрсетті. Олар адамды моторлы қайыққа отырғызып, қауіпсіз жерге жеткізді.
Фестиваль уақытында полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, демалушылардың қауіпсіздігін бақылайды. Сондай-ақ олар адам көп шоғырланған жерлерде ата-анасынан адасып қалған 16 баланы тауып, жақындарына табыстаған.

