Сурет: Egemen Qazaqstan
Салық кодексінде ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау кезінде қосылған құн салығын қайтаруға шектеу енгізілмейді. Бұл туралы Жобалық кеңсе отырысының қорытындысында мәлім болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін экспорт кезінде есепке жатқызылатын ҚҚС көлемін 80%-ға қысқарту ұсынылған еді. Енді бұл норма күшін жояды. ҚҚС қайтару өндірушіден экспорттаушыға дейінгі бүкіл тізбекті қамтитын салықтық тексеру арқылы расталады. Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда экспорттаушы ҚҚС-ты толық көлемде алады.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған жеңілдік қайта қаралады. Қазіргі 80%-дық жеңілдік 70%-ға дейін қалпына келтіріледі.

