Сурет: ҰОК
Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогінің кезеңінде алғашқы кездесуін сәтті аяқтады. Ол жарысты ширек финалдан бастап, Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен кездесті. Үш раундтан кейін төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша Санжар Тәшкенбай турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті. World Boxing ұйымының Әлем кубогінің екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында өтуде.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай – 2023 және 2025 жылдардағы әлем чемпионы, сондай-ақ 2022 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Еске салайық, «Странджа кубогі» кезінде ол жекпе-жек барысында жарақат алған еді.

