Айсәуле Қанаханың өлімі: дропперлерден жауап алынды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада қаза тапқан Айсәуле Қанахаға қатысты қылмыстық іс жаңа кезеңге өтті. Бұл туралы марқұмның әкесі Саябек Қанаха мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, істің ілгерілеуіне қоғамның қолдауы мен кеңінен жариялануы ықпал еткен. Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның көмегі көрсетілген.

Саябек Қанаханың сөзінше, Айсәуле алаяқтарға ақша аударған кезде пайдаланылған дропперлер анықталып, олардан жауап алынған. Кибералаяқтық және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу баптары бойынша қозғалған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген.

Іс Есіл аудандық полиция басқармасынан Астана қалалық полиция департаментінің қарауына берілген. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ақша қаражатының банкоматтар арқылы әрі қарай қозғалысын тексеріп, басқа да қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, 1 сәуір күні жас қыздың мәйіті Есіл өзенінің жағасынан табылған болатын. Алғашында полиция оқиғаны суицид ретінде қарастырғанымен, марқұмның туыстары бұл нұсқамен келіспеді.

Жақындарының айтуынша, қыздың өлімі кибералаяқтардың психологиялық қысымымен байланысты болуы мүмкін. Олар мұндай күдікті Айсәуленің ұялы телефонынан табылған деректерге сүйене отырып айтқан.

Тергеу материалдарына сәйкес, қыз қайтыс болар алдында телефонында «Калашников Д.Н.» деп тіркелген адаммен хат алмасқан. Әкесінің мәліметінше, өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлға Айсәулеге оның «дроппер» атанғанын айтып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескерткен. Сондай-ақ оған қысым көрсетіліп, болған жайтты ата-анасына айтпау талап етілген.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Айсәуле алаяқтарға ақша аударып, түнгі сағат екіге дейін аталған адаммен байланыста болған.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы мен Черногория президенті шағын құрамда келіссөз өткізді.

Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша тәркіленген көліктер электронды сауда алаңына шығарылды.

Степногорскіде оқушылардың жеке деректері тарап кетті: кінәлілер жазаланды

Степногорск қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың жеке деректерін заңсыз жариялау фактілерін анықтады.