Categories Қаржы

Шетелдік компанияның зауыты ашылады

Сурет: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «Valmont Industries» компаниясының Еуразия және Латын Америкасы бойынша аймақтық вице-президенті Филипп Шмидт-Хольцман бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жиында елімізде суармалы егіншілікті дамыту, заманауи су үнемдеу технологиясын енгізу және механикаландырылған ирригациялық жүйелердің ірі өндірушілерінің бірі VALLEY/Valmont Industries жаңбырлатып суару машиналарын Қазақстанда құрастыру жобасы талқыланды. Серік Жұманғарин суармалы жерлер аумағын кеңейту агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік саясаттың басымдығы екенін айтты.

«Еліміздегі ауыл шаруашылығы жерлерінің әлеуеті зор. Мемлекет басшысының суармалы жер көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, ирригациялық заманауи техника өндірісін дамыту маңызды. Бүгінде «Valmont Industries» компаниясының жобасы қызығушылық тудырып отыр. Ол отандық фермерлерге қажетті жабдықты жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді», деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Қазіргі уақытта VALLEY суару машинасын елімізде құрастыру жоспарлануда. Өндірістік алаң «Имсталькон» АҚ холдингінің базасында құрылған, онда «кеден қоймасы» және «еркін қойма» режімі бар аймақтар сияқты қажетті инфрақұрылым бар.

Жоба нарықта жоғары сұранысқа ие. Тек Қарағанды облысында шамамен 250 жаңбырлатып суару машинасын өндіруге бағытталған жобалар портфелі қалыптастырылды. Бұл 25 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы алқабын суаруға мүмкіндік береді.

Кездесуге қатысушылар өндірісті жергіліктендіру жабдықтарды жеткізу мерзімін қысқартуға, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік беретінін және Қазақстанда су үнемдеу технологиясы мен суармалы егіншілікті дамытудағы маңызды қадам болатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысында Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, өндірісті жергілікті жерде ашып, фермерлердің заманауи ирригациялық техникаға қол жеткізуін арттыруда инвесторлармен жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Ұқсас жазбалар

Volkswagen 50 мың жұмысшыны қысқарту жоспарын жүзеге асыруда

Volkswagen компаниясы 50 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарын жүзеге асыруда. Директор Оливер Блюме компания жағдайы…

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ деп мәлімдеді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ деп мәлімдеді. Ол базалық мөлшерлеменің…

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, мамыр айында 147,7 мың автокөлік есепке алынған. Жалпы елімізде 6 миллионға…