Сурет: Egemen Qazaqstan
Мемлекет басшысы табиғи газ өңдеу және өнеркәсіптік газ өндірісіне маманданған америкалық компанияның басшысымен кездесу өткізді. Тараптар осы саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің айтуынша, Құрама Штаттар – Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі, ал еліміз өзара тиімді байланысты кеңейтуге мүдделі. Эдуардо Менезес компанияның Қазақстан экономикасына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыратынын жеткізді. Air Products газ өңдеу, газ химиясы және көмірді терең өңдеу салаларындағы жобаларға қызығушылық танытады.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы құптап, Қазақстан тарапы қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін растады. Air Products АҚШ-тың ірі компанияларының бірі және көгілдір отын өңдеу, өнеркәсіптік газ (азот, сутегі, оттегі) өндірісі бойынша халықаралық көшбасшы саналады.

