Categories Спорт

Әлем Кубогы: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан ұтылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының кезекті жарыс күні аяқталды. Шаршы алаңға көтерілген үш қазақстандық боксшының екеуі жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

70 келі салмақта өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов бразилиялық Кайан Рейесті 5:0 есебімен жеңді. Ал 60 келідегі Серік Теміржанов америкалық Салим Еллис Бейден 0:5 есебімен ұтылды.

80 келі салмақта сынға түскен Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысы Жавохир Умматалиевпен кездесіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Басымдық қазақстандық боксшы жағында болғанымен, төрешілер шешімі басқаша болды.

Ертеңгі күндізгі сессияда рингке үш боксшымыз шығады: Алуа Балқыбекова Ирисмар Кардозомен (Венесуэла), Санатәлі Төлтаев Патрис Мугалзаимен (Англия), ал 54 келідегі 1/4 финалда Назым Қызайбай Виктория Рогалинскаямен (Польша) жұдырықтасады.

Ұқсас жазбалар

Португалия мен Конго тең түсті, Роналду гол соға алмады

Португалия құрамасы мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы топтық кезеңнің алғашқы ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды.

Дастан Сатпаев «Қайрат» сапындағы соңғы ойынында дубль жасады

«Қайрат» өз алаңында «Қызылжарды» 3:0 есебімен жеңді. Дастан Сатпаев соңғы ойынында дубль жасап, «Челсиге» ауысады.

Футбол жанкүйерлеріне ұйқысыз түн: бүгін үш ойын өтеді

Бүгін түнде әлем чемпионатының топтық кезеңінде үш кездесу өтеді.