Categories Жайық news

Көліктерді аулаларға, көгалдарға және ойын алаңдарына қоюға тыйым салынады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Биыл 1 шілдеден бастап Қазақстанда қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың жаңа үлгілік қағидалары күшіне енеді. Енгізілетін негізгі өзгерістердің бірі – аула ішіндегі көлік қою тәртібіне қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа талаптарға сәйкес, көлікті арнайы белгіленбеген орындарға қоюға тікелей тыйым салынады, ал ережені бұзғандарға 1,2 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Жаңа қағида бойынша тұрғын үй аулаларында көлік тұрағына тыйым салынған орындар нақты көрсетілген. Құжат аула мен ортақ пайдаланылатын аумақтарды жоспарлау кезінде көліктердің көгалдарға кіріп кетуіне жол бермейтін физикалық бөгеттерді қарастыруды міндеттейді. Алайда аулаішілік және кварталішілік жолдарға бетон блоктар, бағаналар, қоршаулар сияқты кедергілерді өз бетінше орнатуға тыйым салынады. Мұндай шешім тек жергілікті атқарушы органдардың аумақты жобалау кезінде құзыретіне кіреді.

Елімізде абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Биыл наурыздан бастап хаттама толтыру құқығы тек полицияға ғана емес, әкімдік қызметкерлеріне де беріледі.

Былтыр жыл соңында елордадағы барлық автотұрақ қала меншігіне өткен болатын. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Ұқсас жазбалар

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн

Қоршаған ортаны қорғау бүгінде мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысында…

«ИНДЕРБОР – ОРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ ЖОБАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

«Индербор – Орал» теміржол желісінің құрылысы перспективалы жобалар тізіміне енді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас…

Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

Әлеуметтік желіде «Сары-Арқа Компани» ЖШС пойызында жолаушының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада ер адамның…