Categories Жайық news

Үндістанда отшашу шығаратын зауыт жарылып, 23 адам көз жұмды

Үндістанның Тамилнад штатында отшашу шығаратын зауытта қуатты жарылыс болып, кемінде 23 адам қаза тапты, ал кәсіпорын иесі оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Hindustan Times басылымының мәліметінше, оқыс оқиға Вирудхунагар ауданындағы Vanaja Fireworks кәсіпорнында тіркелген. Жарылыс кезінде зауытта 30-ға жуық жұмысшы болған. Қаза тапқандар саны – 23, тағы алты адам ауруханаға жеткізілді.

Өрт сөндіру және құтқару қызметінің хабарлауынша, жарылыс жергілікті уақытпен сағат 15:30 шамасында жұмысшылар шикізатты өңдеп, пиротехникалық өнімдер дайындайтын аймақта болған. Соққының қатты болғаны сонша, үш ғимарат толығымен қирап, жақын маңдағы құрылыстар жермен-жексен болған.

Құтқару жұмыстары кезінде тағы бір жарылыс болып, бір өрт сөндіруші ауыр жарақат алған.

«23 адамның қаза тапқаны расталды. Зардап шеккен алты адам аудандық ауруханада емделіп жатыр», — деді жергілікті шенеунік оқиға орнын тексергеннен кейін.

Алдын ала мәлімет бойынша, зауыттың лицензиясы болған және өндіріс алаңында 100-ден астам адам еңбек ете алатын. Кәсіпорын қожайыны жарылыстан кейін жасырынып қалған, қазір оған іздеу жарияланды. Полиция қылмыстық іс қозғады, енді зауыт лицензиясынан айырылады.

Бұл қайғылы оқиға осы ауданда төрт адамның өмірін қиған басқа жарылыстан бірнеше күн өткен соң қайталанып отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн

Қоршаған ортаны қорғау бүгінде мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысында…

«ИНДЕРБОР – ОРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ ЖОБАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

«Индербор – Орал» теміржол желісінің құрылысы перспективалы жобалар тізіміне енді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас…

Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

Әлеуметтік желіде «Сары-Арқа Компани» ЖШС пойызында жолаушының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада ер адамның…