Сурет: Egemen Qazaqstan
АҚШ-та бұрын хабарсыз кеткен Қазақстан азаматы болуы ықтимал ер адамның денесі табылды. Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сыртқы істер министрлігіндегі брифингте Ерлан Жетібаев ведомствоға іздеудегі отандасымызға қатысты жаңа ақпарат келгенін айтты.
Министрлік АҚШ-тың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізіп жатыр, — деді Ерлан Жетібаев.
СІМ өкілінің айтуынша, дипломаттар АҚШ-тың жауапты мекемелерімен және азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста. Сондай-ақ жақындарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде.
Қазір мәйіттің нақты кімге тиесілі екенін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу мен сараптама нәтижелері шыққан соң қосымша ақпарат жарияланады.

