АҚШ-та парашютшілері бар ұшақ апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты

Сурет: видеодан алынған кадр

АҚШ-тың Миссури штатында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, ондағы 12 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Миссури штатының жол полициясының мәліметінше, Pacific Aerospace P750 ұшағы Канзас-Ситидің оңтүстігіндегі Батлер әуежайы маңынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай құлаған. Ұшақты парашют спортымен айналысатын компания жалға алған. Бортта 11 парашютші мен ұшқыш болған.

АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы мұндай рейстер үшін әуе қозғалысын басқару қызметімен байланыс міндетті емес екенін айтты. Сондықтан апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.

Құтқару қызметтері апат орны маңындағы аумақтарды тексеріп, ұшақтан секіріп үлгерген парашютшілер болуы мүмкін деген болжамды қарастырған. Алайда тірі қалғандар табылмады.

Ұқсас жазбалар

Бразилияда екі тікұшақ әуеде соқтығысып, алты адам қаза тапты

Бразилияда екі тікұшақ әуеде соқтығысып, алты адам қаза тапты. Қаза тапқандардың арасында музыкалық продюсер, бейнережиссер,…

15 маусымда Қазақстанның көп бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» синоптиктері 15 маусымда Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және қатты ыстық күтілетінін…

Астанада бірнеше автобус бағыты уақытша өзгерді

Астанада № 32, 65, 507 бағдарларының қозғалыс маршруты уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems»…