Categories Спорт

Қазақстан триатлоннан Азия чемпионатында үшінші медаль жеңіп алды

Сурет: ҰОК

Қазақстан құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласында өтіп жатқан триатлоннан Азия чемпионатында үшінші медальға ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

U17 жас санатындағы аралас команда эстафетасында күміс жүлдеге ие болып, тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Бұл бағдарламада ел намысын Гор Депершмидт, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер және Алуа Нұрмұхамет қорғады.

Қазақстан құрамасының қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін Рамазан Айнегов (U17) пен Ясмина Бузуртанова (U15) Азия чемпионатының алтын жүлдегерлері атанып, екі алтын медаль салған еді.

Ұқсас жазбалар

Головкинді Даңқ залына қабылдау алдында америкалық жанкүйерлер ерекше құрметпен қарсы алды

Геннадий Головкин АҚШ-та жанкүйерлерімен кездесіп, Даңқ залына қабылдану алдындағы көңіл күйімен бөлісті.

Германия Кюрасаоны 7:1 есебімен ойсырата ұтты

Германия футболдан әлем чемпионатының Е тобында Кюрасаоны 7:1 есебімен ойсырата ұтты. Бұл турнирдегі ең ірі…

Әлем кубогында қазақ боксшыларының қарсыластары белгілі болды

15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing ұйымының Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді. Қазақстан…