Астанада бірнеше автобус бағыты уақытша өзгерді

Сурет: Ағыбай Аяпбергенов

Астанада № 32, 65, 507 бағдарларының қозғалыс маршруты уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ бүгін № 21, 82, 84 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.

Еске сала кетейік, елорда қонақтарына қоғамдық көлікті пайдалану жеңілдей түсті. Астана халықаралық әуежайында қала ішінде қатынауға арналған туристік көлік карталары қолжетімді болды. Астанада көше қиылыстарындағы ақаулы асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарына байланысты автокөлік қозғалысы уақытша толық жабылады.

Шектеулер келесі көшелерде қолданылады:

  • Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Қуанышбаев көшесі — 10 маусым сағат 21:00-ден 11 маусым сағат 07:00-ге дейін;
  • Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Аманжолов көшесі — 12 маусым сағат 21:00-ден 13 маусым сағат 07:00-ге дейін;
  • Ж. Нәжімеденов көшесі/С. Нұрмағамбетов көшесі — 13 маусым сағат 21:00-ден 14 маусым сағат 07:00-ге дейін;
  • С. Нұрмағамбетов көшесі/А. Байтұрсынов көшесі — 14 маусым сағат 21:00-ден 15 маусым сағат 07:00-ге дейін.

Ұқсас жазбалар

Бразилияда екі тікұшақ әуеде соқтығысып, алты адам қаза тапты

Бразилияда екі тікұшақ әуеде соқтығысып, алты адам қаза тапты. Қаза тапқандардың арасында музыкалық продюсер, бейнережиссер,…

15 маусымда Қазақстанның көп бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» синоптиктері 15 маусымда Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және қатты ыстық күтілетінін…

15 маусымда бес өңірде +39°C ыстық, найзағай мен нөсер күтіледі

«Казгидромет» 15 маусымға арналған болжам жариялады: бес өңірде +39°C ыстық, найзағай, нөсер, өрт қаупі күтіледі.