Сурет: Egemen Qazaqstan
Филиппинде волейболдан әйелдер арасында Азияның Ұлттар кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуде Гонконгты 3:1 (20:25, 25:17, 25:16, 25:13) есебімен жеңді. Келесі ойында Индонезияны 3:0 (25:19, 25:19, 25:18) есебімен ұтты. Үшінші турда Иранды 3:1 (13:25, 25:20, 25:14, 25:18) есебімен тізе бүктірді.
Одан кейін Ливанды 3:0 (25:11, 25:19, 25:14) есебімен тас-талқан етті. Соңғы матчта Вьетнаммен ойнады. Фавориттерге қарсы шиеленісті өткен бәсекеде біздің қыздар тамаша ойын көрсетіп, 3:2 (18:25, 25:19, 23:25, 25:22, 15:13) есебімен жеңіске жетті. Осылайша, өз тобында бірінші орын алған жерлестеріміз жартылай финалға жолдама алды.
Екінші топта Филиппин, Тайпей, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Аустралия және Өзбекстан шеберлік байқасады.

