Сурет: Egemen Qazaqstan
Сыртқы істер министрлігі Чикагода жоғалған 24 жастағы қазақстандық Әсет Құралбайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның ақпаратынша, Қазақстан дипломаттары АҚШ-тың құзыретті органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтауда.
«Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз азаматтың туыстарымен де тұрақты байланыста. Аталған жағдай Сыртқы істер министрлігінің бақылауында», — деп хабарлады СІМ.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Иллинойс штатында тұратын 24 жастағы Әсет Құралбайдың із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат тараған. Ол Чикаго маңындағы Форд-Хайтс ауданында тұрған. Туыстарының айтуынша, ол соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан, ал 7 маусымнан бері телефоны сөндірулі.

