Сурет: instagram.com/akhmedov_promotions
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов жартылай ауыр салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
25 шілдеде Ахмедов Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетеді. Кештің басты жекпе-жегінде ол Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы Асемахле Веллеммен кездеседі.
Қазақстандық боксшы рингке WBA Asia чемпионы ретінде шықса, оның қарсыласы WBO Africa чемпионы саналады.
Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында өткізіп, ганалық Делали Миледзині (30-3-1, 23 KO) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.
Ал Асемахле Веллем биыл мамыр айында шаршы алаңға шығып, Гананың тағы бір боксшысы Принс Око Нартині (13-5, 12 KO) нокаутпен ұтты.

