Тоқаев: Түркі елдерінің бірлігі – алмағайып замандағы басты тірек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөйлеген сөзінде қазіргі геосаяси ахуалда түркі елдерінің ынтымағы ерекше маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды екенін жеткізді. Оның айтуынша, бүгінгі күрделі жағдайда бірлік пен ынтымақтастық түркі халықтарының болашағына берік негіз қалайды.

«Түркі әлемінің ортақ мүддесі – бейбітшілік пен тұрақтылық. Біз бірігіп қана қиындықтарды жеңе аламыз», – деді Президент.

Саммитте Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы экономикалық, мәдени және саяси байланыстарды нығайту жолдары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның болашақтағы жұмысына бағыт-бағдар беріп, ортақ жобаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

Ұқсас жазбалар

Астанада 6-7 жастағы велосипедші баланы көлік қағып кетті

Астанада 12 маусымда 6-7 жастағы велосипедші баланы Ford көлігі қағып кетті. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап…

Мемлекет басшысы ІІІ Чарльздің туған күніне құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің туған күніне орай құттықтау…

Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды

13 маусымға арналған дауылды ескерту Қазақстанның 17 облысында және Астанада жарияланды. 14 маусымда кей жерлерде…