Шымбұлаққа тек электромобильдермен кіру талабы күшін жойды

Сурет: Колеса.кз

Конституциялық сот Алматы әкімдігінің Шымбұлақ шатқалына тек электромобильдердің кіруіне рұқсат берген қаулысын заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шектеуге Тұйықсу шатқалының тұрғыны шағым түсірген. Оның айтуынша, өз үйіне жету үшін Шымбұлақ арқылы өтуге мәжбүр болғанымен, қолданыстағы ереже оған мүмкіндік бермеген. Сонымен қатар, Тұйықсу аумағында асфальт жолдың болмауы электромобильмен қатынауды қиындатады.

Сот шешіміне сәйкес, мұндай шектеулерді енгізуге Алматы әкімдігінің құзыреті болмаған. Заң бойынша бұл мәселе мәслихат деңгейінде қаралып, шешілуі тиіс.

Сот отырысында кез келген ереже немесе шектеу оның ықпалына түсетін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескеруі қажет екені атап өтілді.

Ұқсас жазбалар

Астанада III архившілер конгресі қорытындыланды

Астанада III архившілер конгресі аяқталды. Форумда цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріндегі архив саласының болашағы…

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

2026 жылғы 13 маусымға Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз…

Амнистияға кәмелетке толмаған балалары бар 200-ден астам ана мен жүкті әйелдер ілігуі мүмкін

Ішкі істер министрлігі жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған амнистия заңының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.