Сурет: Egemen Qazaqstan
ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстан ұлттық құрамасы 111-орынға тұрақтаған. Маусым айында өткен екі кездесуде жерлестеріміз Армениямен тең ойнап (1:1), Мажарстаннан ұтылды (1:3), деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Үздіктер тізімінде Аргентина көш бастап тұр. Екінші және үшінші орында Испания мен Франция. ТОП-10 құрамына Англия, Португалия, Бразилия, Марокко, Нидерланд, Бельгия және Германия командалары енген.
Биылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасында ПСЖ жеңіске жетті. Финалда олар Лондонның «Арсеналын» пенальти сериясында (1:1, 4:3) ұтты. Шешуші ойында Кварацхелия гол соқты. УЕФА-ның символдық құрамына Давид Райя, Нуну Мендеш, Габриэл Магальяэс, Маркиньос, Маркос Льоренте, Хвича Кварацхелия, Витинья, Деклан Райс, Майкл Олисе, Гарри Кейн және Усман Дембеле кірді.

