Categories Қаржы

Перизат Қайраттың тәркіленген көліктері мемлекеттік органдарға қалай беріледі?

Сурет: Электрондық сауда порталы (архив)

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков тәркіленген мүліктің мемлекет кірісіне өткізілу тәртібін түсіндірді. Оның айтуынша, мұндай мүлік алдымен комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінің қарамағына беріледі, кейін мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына өткізіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Комитет төрағасы мұндай мүлікті тегін алатынын, бұл бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында қарастырылғанын атап өтті.

Автокөліктерді сатып алғаннан гөрі, оларды тәркіленген мүлік қатарынан алған дұрыс (мұнда Перизат Қайраттың ісі бойынша тәркіленген көліктер туралы айтылып отыр). Бұл құқық мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде бекітілген. Оларға неліктен осы құқықты пайдаланбасқа? Егер қандай да бір себеппен ешкім қызығушылық танытпаса немесе бұл көліктерді алуға ниет білдірмесе, онда олар аукцион арқылы сатылады, — деді Нұрмахан Әділбеков.

Нұрмахан Әділбековтің мәлімдеуінше, Перизат Қайратқа тиесілі болған автокөліктер құқық қорғау органдарының қарамағына берілген. Бұған дейін Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілгені хабарланған еді.

Ұқсас жазбалар

Қашағанда қуаттылығы 2,5 млрд текше метр газ өңдеу зауыты салынады

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің төрағалығымен Қашаған кен орнында қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр газ…

Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалын рекордтық деңгейге жеткізді

Каспий құбыр консорциумы мамыр айында мұнай тасымалын рекордтық деңгейге жеткізіп, 7,187 миллион тонна экспорттады. Экспорт…

Докторанттарға мектепте жұмыс істеуге рұқсат берілді

Енді грантпен докторантураны бітірген азаматтар мектептер мен басқа білім беру ұйымдарында еңбек етіп, міндетті жұмыс…