Сурет: istockphoto.com
Енді грантпен докторантураны бітірген азаматтар мектептер мен басқа білім беру ұйымдарында еңбек етіп, міндетті жұмыс өтеу мерзімін өтей алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұрын докторанттар оқу бітірген соң жоғары оқу орындарында, ғылыми институттарда немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге міндетті болатын. Олар заңнамалық нормаларға сәйкес білім ордаларында жұмыс істей алмайтын, сондықтан мектептегі жұмыс міндетті өтеу мерзімі ретінде есептелмейтін.
«Түлектерге таңдау беріледі. Олар тек жоғары оқу орындарымен шектелмей, орта білім беру саласында да кедергісіз қызмет ете алады. Ондағы жұмыс өтеу мерзімі заңды түрде толық есептеледі. Осы арқылы балаларымыз заманауи зерттеушілерден тікелей дәріс алады», деп жазды депутат әлеуметтік желідегі жазбасында.
Мәжіліс депутатының айтуынша, бұл өзгерістер мектептер мен білім беру ұйымдарын мықты кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған.

