Categories Қаржы

Шетелдіктерге заңсыз ЖСН рәсімдеу схемасы әшкереленді

Сурет: Ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті шетел азаматтарына Қазақстанға келмей-ақ жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) заңсыз рәсімдеумен айналысқан топты анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2024-2025 жылдары өтініш берушілердің елге келмеуіне қарамастан ЖСН рәсімдеуге көмектесетін арнайы схема ұйымдастырылған. Бұл мақсатта әлеуметтік желіде арнайы арна ашылып, қашықтан ЖСН алуға ниетті шетел азаматтары іздестіріліп, тартылған.

Заңсыз әрекетке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Астана қаласы бойынша филиалының жекелеген қызметкерлері қатысқан. Олар ақпараттық жүйелерге көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, ЖСН рәсімдеуге қажетті өтінімдерді заң талаптарын бұза отырып рәсімдеген.

Заңсыз қызмет үшін алынған сыйақы делдалдар арқылы банктік аударымдар түрінде беріліп, кейін қылмыстық схемаға қатысушылар арасында бөлінген.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары жария етуге жатпайды.

Ұқсас жазбалар

Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалын рекордтық деңгейге жеткізді

Каспий құбыр консорциумы мамыр айында мұнай тасымалын рекордтық деңгейге жеткізіп, 7,187 миллион тонна экспорттады. Экспорт…

Докторанттарға мектепте жұмыс істеуге рұқсат берілді

Енді грантпен докторантураны бітірген азаматтар мектептер мен басқа білім беру ұйымдарында еңбек етіп, міндетті жұмыс…

Илон Масктың дәулеті 1 триллион доллардан асып, ол алғашқы триллионер атанды

SpaceX компаниясы акцияларын сатылымға шығарғаннан кейін америкалық кәсіпкер Илон Масктың байлығы 1 триллион доллардан асып,…