Categories Қаржы

Қазақстанда электромобильдерге арнайы жасыл нөмір беру жоспарлануда

Сурет: turbo-drive

Қазақстанда электромобильдерге арнайы мемлекеттік нөмір беру көзделуде. Сенат цифрландыру, жеке деректердің қауіпсіздігі және көлік саласындағы жаңа технологияларды реттеуге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала ақпарат бойынша, нөмір жасыл түсті болуы мүмкін. Жаңа жүйе биыл жазда қабылданғанымен, көлік иелері нөмірлерді бірден ала алмайды.

«Электромобильдерге арналған арнайы мемлекеттік нөмірлерді дайындауға бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Себебі өзгеріс тек нөмірдің түсіне қатысты болады. Алдын ала мәлімет бойынша, оның түсі жасыл болуы мүмкін. Біз алты айлық өтпелі кезең енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл өзгеріске бюджеттен қаржы жұмсалмайды», деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Заң жобасында жүргізушісіз көліктердің қозғалысын реттеу, сондай-ақ электросамокаттар мен шағын электр көліктерінің жол қозғалысына шығуына шектеу енгізу мәселелері қарастырылған.

Сонымен қатар мас күйінде көлік жүргізіп, жүргізуші куәлігінен айырылғандарға куәлік алу мерзімін 7-8 жылға дейін ұзарту ұсынылған.

Ұқсас жазбалар

Төрт жылда шағын және орта бизнестің саны 2,2 миллионға дейін өсті

Қазақстанда халық табысын арттыру бағдарламасы іске қосылғаннан бері негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалады.

Астанада 13-14 маусымда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада 13-14 маусымда дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, онда ет, сүт өнімдері және басқа азық-түліктер…

Alatau City инвестициялық әлеуеті Қытайда таныстырылды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған делегация Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Alatau City-дің инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті.