Сурет: Egemen Qazaqstan
Конго Демократиялық Республикасында Эбола қызбасының 635 расталған жағдайы тіркеліп, 127 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа жұқтыру жағдайларының көпшілігі Итури провинциясында анықталған. Көршілес Угандада аурудың 19 жағдайы расталып, екі адам қайтыс болды.
Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді. 10 маусым күні Конгода Эбола вирусынан 115 адам қайтыс болған еді. Мамыр айының соңында Тедрос Адханом Гебрейесус әлем бойынша Эбола ауруының 900-ден астам күдікті жағдайы тіркелгенін, оның ішінде 101 жағдайдың зертханалық тұрғыда расталғанын мәлімдеген.
Роспотребнадзордың мәліметінше, Эбола қызбасын жұқтыру қаупі жоғары өңірлерден келетін адамдардың денсаулық жағдайын бақылау үшін шекарадағы өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген.

