Categories Жайық news

Елден 12 тонна жанармайды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі жанар-жағармайды елден заңсыз әкету мен көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтауға қарсы күресті күшейтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz дерегінше, мемлекеттік шекарадағы 48 автокөлік өткізу пунктінде патрульдік полицияның 59 бекеті жұмыс істейді. Жанар-жағармайды заңсыз тасымалдау фактілерін, соның ішінде жол талғамайтын көліктерді пайдалану арқылы жасалатын әрекеттерді анықтау және тоқтату шаралары қабылдануда. Шекара маңындағы Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарына ерекше көңіл бөлініп, қосымша шаралар қолға алынған.

Сонымен қатар автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтайтын, қажетті тіркеу және рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істейтін техникалық қызмет көрсету станцияларының қызметін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Мысалы, Қордай ауданының Қордай ауылында полиция қызметкерлері мемлекеттік кірістер органдарының өкілдерімен бірлесіп, қосымша жанармай бактарын орнатумен айналысатын 16 техникалық қызмет көрсету станциясын тексерді. Нәтижесінде 6 нысан иесіне қатысты әкімшілік материалдар жинақталды. Соңғы бір айдың ішінде полицейлер 12 тонна жанар-жағармайды заңсыз әкетудің жолын кесті. Қайта жабдықталған жанармай бактары бар 54 автокөлік анықталып, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, делінген хабарламада.

Мұнай өнімдері мен жанар-жағармайдың ел аумағынан заңсыз шығарылуына жол бермеу жұмыстары Ішкі істер министрінің тұрақты бақылауында.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да тыйым салынған жерде шомылған үш жасөспірім суға батып кетті

Батыс Қазақстан облысында тыйым салынған аумақта шомылған үш жасөспірім суға батып кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталып…

Көкжиде құмды алқабында мұнай-газ өндірісі жерасты суларын ластамаған

Көкжиде құмды алқабында екі жыл бойы жүргізілген зерттеулер мұнай-газ өндірісінің жерасты суларына кері әсерін тигізбегенін…

ҚЫТАЙ САПАРЫ: БҚО ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ ЛЯОНИН ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ ВАН СИНЬВЭЙМЕН КЕЗДЕСТІ

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев жетекшілік еткен батысқазақстандық ресми және іскерлік делегация Қытайға жұмыс сапарымен барды.…