Categories Қаржы

ОПЕК+ елдері шілдеден бастап мұнай өндіруді тәулігіне 188 мың баррельге арттырады

Сурет: istockphoto.com

ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады. Жаңа өзгерістер 2026 жылдың шілде айынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қабылданған шешімге сәйкес, мұнай өндірудің жаңа көрсеткіштері белгіленді. Ұйымның мәлімдемесінде қатысушы елдер мұнай нарығындағы жағдайды бақылауды жалғастыратыны, қажет болған жағдайда қабылданған шешімдерді қайта қарауы мүмкін екені айтылған.

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді. Айта кетейік, Қазақстанда мұнай өндіру көлемі соңғы жылдары айтарлықтай өсті. Егер 2010 жылы елде шамамен 80 млн тонна мұнай өндірілсе, бүгінде бұл көрсеткіш 100 млн тоннаға жуықтаған. Әсіресе Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының дамуы өндіріс көлемінің артуына ықпал етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ОПЕК-тегі өзгерістердің ел экономикасына айтарлықтай әсер ете қоймайтынын атап өткен болатын.

Ұқсас жазбалар

Елімізде егіс алқабы 23,8 млн гектарға жетті

2026 жылғы егін егу науқаны аяқталып, егіс алқабы 23,8 млн гектарға жетті. Қаржыландыруға 750 млрд…

ҰБТ: талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады

2026 жылғы 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ жалғасып жатыр. Қазірге дейін тестілеу 187 мыңға жуық…

Қазақстандықтар Қырғызстаннан 424 жылжымайтын мүлік сатып алды

Қазақстан азаматтары Қырғызстаннан 424 жылжымайтын мүлік сатып алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.