Categories Қаржы

Елімізде егіс алқабы 23,8 млн гектарға жетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

2026 жылғы егін егу науқаны агротехникалық талаптарға сай уақытында аяқталды. Жалпы егіс алқабы 23,8 млн гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға ұлғайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыруға 750 млрд теңге қарастырылды. Қазіргі уақытта 4,8 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 573 млрд теңге бөлінді.

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға өтінім қабылдау алғаш рет 2025 жылдың қазан айында басталып, фермерлерге маусымға алдын ала дайындалуға және шығындарын тиімді жоспарлауға мүмкіндік берді.

Кепілдік мүлкі жеткіліксіз шаруалар үшін несие сомасының 85%-на дейін мемлекеттік кепілдік беру тетігі іске қосылып, қаржыландыруға қолжетімділік айтарлықтай кеңейді.

Егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде майлы дақылдар көлемі 4,3 млн гектарға, мал азықтық дақылдар көлемі 3,3 млн гектарға дейін ұлғайтылып, бидай алқаптары оңтайландырылды.

Ұқсас жазбалар

ОПЕК+ елдері шілдеден бастап мұнай өндіруді тәулігіне 188 мың баррельге арттырады

ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады. Жаңа өзгерістер…

ҰБТ: талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады

2026 жылғы 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ жалғасып жатыр. Қазірге дейін тестілеу 187 мыңға жуық…

Қазақстандықтар Қырғызстаннан 424 жылжымайтын мүлік сатып алды

Қазақстан азаматтары Қырғызстаннан 424 жылжымайтын мүлік сатып алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.