Categories Көңіл ашар

Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Елордада дәстүрлі Astana Half Marathon жарысы өтті. Жарыс аясында Funduk Team инклюзивті командасының 10 экипажы стартқа шықты, команда құрамына 40-қа жуық адам кірген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әр экипаж бір штурманнан, инклюзивті қатысушы және оған қашықтықты еңсеруге көмектескен үш пилоттан тұрды. Мұндай бастамалар инклюзивті ортаны дамытуға және қалалық кеңістіктің барлық тұрғын үшін қолжетімді әрі жайлы ету қағидаттарын ілгерілетуге ықпал етеді.

«Мен үшін мұндай марафонға қатысу – ең алдымен ірі спорттық оқиғаның атмосферасын сезініп, осы іс-шараның бір бөлігіне айналу мүмкіндігі. Көрермендердің қолдауын сезіну және осындай іс-шаралардың барлық қатысушы үшін барған сайын қолжетімді болып келе жатқанын көру қуантады», деді жарысқа қатысушылардың бірі.

Биылғы Astana Half Marathon жарысы әлемнің 30-дан астам елінен келген шамамен 7000 қатысушының басын қосты. Марафон бағыты елорданың негізгі көшелері мен көрікті орындарын қамтыды. Іс-шара бағдарламасында 21,1 шақырым, 10 шақырым, скандинавиялық жүріс және «Экиден» командалық эстафетасы бойынша жарыстар өтті.

Ұқсас жазбалар

Анна Данилина «Ролан Гаррос» финалында сынға түседі

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық әріптесімен «Ролан Гаррос» финалында чехиялық-америкалық жұпқа қарсы ойнайды.

Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді

Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді. Плоггинг – жүгіру мен қоқыс…

Қазақстандық ескек есушілер Мәскеудегі халықаралық жарыста алтын және күміс алды

Қазақстандық ескек есушілер Мәскеудегі халықаралық жарыста алтын және күміс жүлделерді жеңіп алды.