Сурет: Egemen Qazaqstan
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола вирусымен күресу үшін 518 миллион доллар бөлді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарлама алты айға арналған. Барлық шаралар Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығымен бірлесіп жүзеге асырылады.
Жаңа жоспар бұрынғы індеттер мен денсаулық саласындағы төтенше жағдайлардың себеп-салдарын ескере отырып жасалған.
Конгода 282 адам эбола індетін жұқтырған. Мамандар тез таралып жатқан эболаны тоқтатуға болады деп отыр.

