Сурет: Egemen Qazaqstan
Ташкентте C5+1 форматындағы Орталық Азия елдері мен АҚШ мәдениет министрлерінің кездесуі аясында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбековпен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылап, әдебиет пен театр өнері саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлді.
Кездесу соңында тараптар 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалғанын атап өтіп, 2026-2027 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі жаңа жоспарға қол қойды.

